6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАтырау облысы Құлсары қаласының тұрғындарына баспананы жөндеу мақсатына арналған өтемақы төлене бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел штабтың мәліметінше, қазіргі таңда 15 тұрғынға жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына өтеамқы төленді. Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесу барысында айтты.
Аудан басшысының айтуынша, 17 мамырда мүлікті бағалау нәтижелерін алған Құлсарының алғашқы 15 тұрғыны келісім шартына қол қойғаннан кейін өз шоттарына ақшалай төлемдер алған. Енді олар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі.
Атырау облысының әкімі атап өткендей, Құлсарының әрбір тұрғынының тұрғын үйін бағалау бойынша жағдай жеке қаралады, - деді Жұмабек Қаражанов.
Аудан әкімі тұрғындарға үйді апатты деп тану кезінде, сондай-ақ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде келтірілген залалды өтеу тәртібі туралы ақпарат беріп өтті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі