Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтырау облысының Жылыой ауданының орталығында санитарлық тазарту басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жылыой ауданының Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда: соңғы тәулікте 55 үй газға, 25 үй электр қуатына қосылды. Бүгінгі таңда 2564 үйден су кетті, сорылған судың жалпы көлемі 3 млн текше метрден асады.
Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2716 өтініш қабылдап, 600-ден астам үйге техникалық тексеру жүргізді. Сондай-ақ Құлсарының 3600 тұрғыны 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық төлем алды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. Су кеткен аумақта дезинфекциялық жұмыстар, сондай-ақ қаланы санитарлық тазарту жұмыстары басталды. Соңғы тәулікте 975 тонна қоқыс шығарылды, - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Махамбет және Индер аудандарында Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары 100% аяқталды, Атырау қаласында жалғасуда.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары