06.04.2024
03:06
1445
Құлсары қаласында егіз ұл дүниеге келді

Құлсары қаласында егіз ұл дүниеге келді

Жылыой аудандық орталық аурухансында егіз ер бала өмірге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, қауіпсіздік мақсатында сәбилер де, анасы да жедел жәрдем көлігімен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген.

Қазір нәрестелердің жағдайы жақсы. Олар жас ананың төртінші және бесінші баласы. Сәбилердің бойы - 52 см. Біреуінің салмағы – 3500 грамм, екіншісінің салмағы - 3350 грамм, - делінген әкімдік таратқан мәліметте.

Бұған дейін Құлсарыда Жем өзенінің арнасынан шығуына байланысты 2,5 мыңға жуық жеке үй мен әкімшілік ғимаратты су басқанын хабарлағанбыз