7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Атырау облысына қарасты Жылыой ауданының орталығында сорылған судың жалпы көлемі 3,3 млн текше метрді құрап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала есептеулер бойынша су басқан үйлердің саны 286 нысанды құрайды. 2 мамырдағы жағдай бойынша 2634 үйден су толық кетті, - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Мүлікті бағалауға 2733 өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта 762 нысанда техникалық тексеру жүргізілді. Қалпына келтіру жұмыстары кезінде 776 тұрғын үй мен 6 көпқабатты үйде, сондай-ақ 48 әкімшілік ғимарат пен кәсіпкерлік нысанда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді.
Қазгидрометтің хабарлауынша, 2 мамырдағы жағдай бойынша Индербор ауылында Жайық өзенінің гидробекетінде сағат 16.00 су деңгейі 762 см құраған, сыни көрсеткіш - 845 см-ге тең, 4 сағат ішінде су деңгейі 6 см-ге артқан. Махамбет ауылында қауіпті су деңгейі 850 см, қазір - 801 см, өсім - 3 см. Атырау қаласы бойынша қауіпті деңгей 550 см, қазіргі көрсеткіш - 463 см, өсу - 4 см
Бүгінгі таңда Атырау қаласы бойынша жағалауда жоспарланған 250 км жердің 246 км нығайту бөгеттері салынды, - деп нақтылады спикер.
Сондай-ақ, Каспий теңізінің сағасында суды теңізге жедел ағызу үшін су түбін тереңдету жұмыстары жалғасуда.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?