2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі — жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Осы ретте Қазақстан Жазушылар одағы «ASSYLTAS» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Әруаққа тағзым» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Таңмен Кеңсай зиратына барған бір топ азаматтар дүниеден өткендердің басына зиярат етіп, құран бағыштады, артынан марқұмдарға арналып ас берілді.
«Өлі разы болмай, тірі байымас» дегендей, бүгін жылдағы дәстүр бойынша саяси қуғын сүргіндерді еске алу күнінде Кеңсайда жатқан марқұмдарды тәу еттік. “Әруаққа тағзым” жобасы аясында енді экспедициялық топ болып, киелі Түркістан, әулиелер жатқан мекен Маңғыстауға, шығыс пен солтүстікте жерленген азаматтарымыздың басына бару үшін жолға шығамыз»,- деді, - ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай.
Экспедициялық топты белгілі ақын, тележүргізуші Бақыт Беделхан бастап бармақшы. Бастамашы топ, алдағы уақытта аталмыш шара кеңейтілген көлемде жалғаспақ екенін айтты.
Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова