7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі мен «QazExpoCentre-Pipe» ЖШС арасында мамандарды нысаналы даярлау және әлеуметтік серіктестік жөнінде келісімшарт жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл маңызды қадам жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау мамандығының студенттеріне болашақта өз кәсіби практикаларын өтуге, тәжірибе жинауға және жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндік береді.
«QazExpoCentre-Pipe» ЖШС – Қазақстандағы құбыр өнімдерін өндіруші ірі компаниялардың бірі. Компания мұнай-газ саласы, өнеркәсіп, құрылыс және басқа да салалар үшін жоғары сапалы құбыр өнімдерін ұсынады. Оның негізгі қызметі – әртүрлі мақсаттағы құбырлар мен арматураларды жеткізу және монтаждау, сонымен қатар тұтынушыларға техникалық шешімдер мен кешенді қызметтер көрсету. Компанияның жоғары деңгейдегі кәсіби білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, студенттер өздерінің дағдыларын шыңдайды.
Суреттер: Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
Бүгінде жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау мамандығына сұраныс жоғары. Бұл салада кәсіби мамандарға қажеттілік артып келеді, себебі елімізде құбыр желілерін жаңарту және жаңадан құру бойынша көптеген ірі жоба жүзеге асырылуда.
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің түлектері биылғ жұмысқа орналасу көрсеткіші бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Колледж білікті мамандарды даярлау жолында үлкен жетістіктерге жетті және әрбір түлекке жұмыс нарығында өз орнын табу үшін барлық жағдайды ұсынуда.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?