Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Қазақстан құрамасына сырт алаңда Солтүстік Ирландияны ұтуға көмектескен факторды атады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жеңістің аты – жеңіс! Бюджет қысқартылып еді, нәтиже де көріне бастады. Қанша жылдан бері ақшаны қысқартыңдар деп бекер талап етпеген екенмін, тоқ адам аш адам секілді ешқашан лайықты нәтиже көрсетпейді. Сол үшін де жігіттерді аш ұстау керек, сол кезде нағыз ойыншылар қалады, - деді ол.
19-ынан 20 маусымға қараған түні Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңді. Белфастта өткен матчта жалғыз голды Абат Айымбетов соқты. «Астананың» 27 жастағы шабуылшысы ұлттық құрама сапында 8-голын соқты.
Осылайша ол құрама үшін гол соққандар тізімінде төртінші орынға жайғасты. Оның алдында Руслан Балтиев (13 рет), Виктор Зубарев пен Бактиер Зайнутдинов (12 голдан) тұр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?