Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЭкс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Көлбаева медальмен марапатталды. Бұл туралы Астана қалалық сотына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Айсұлу Сламбекова салтанатты түрде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Көлбаеваға ведомстволық награда табыс етті.
Іс-шарада А.Көлбаева сот жүйесіндегі көп жылғы жемісті және мінсіз қызметі, сондай-ақ оның дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды, - делінген мәліметте.
Марапатты табыстау барысында А.Сламбекова сот төрағасының адал қарым-қатынасын, істерді қарау сапасын атап өтіп, одан әрі жұмысына табыс тіледі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді