Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевты ақтап шығуға бағытталған әрекеттер жасалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазір Салтанат Нүкенованың ісі бойынша соталды немесе сот барысында сотталушыны ақтау мақсатында фактілерді әдейі бұрмалауға әрекет жасалатыны туралы ақпарат бар. Кейбір адамдар осы медиа науқанға кірісіп кеткен, – деп жазды Динара Зәкиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оқи отырыңыз:
Ол сот процесін жіті бақылауында ұстайтынын алға тартты.
Әрине, зорлық-зомбылыққа қарсы күресте бізге қатаң заң қажет. Ел президентінің тапсырмасына сәйкес, депутаттар, мемлекеттік органдармен бірігіп қыркүйек айының басында заң жобасын дайындадық, қазір ол Мәжіліс қарауында. Мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің басты факторы ретінде қоғамда агрессия мен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне «нөлдік төзімділікті» дамыту, «заң және тәртіп» қағидатын ұстану болуы тиіс екенін атап өтті. Бұл әрқайсымызға байланысты, – деді Зәкиева.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып-соғып, салдарынан ол көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Көп ұзамай Бишімбаевтың ұсталғаны расталды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?