28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСалтанат Нүкенованың туған ағасы Айтбек Амнгелдінің түрмеде отырған Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын мен моральдық зиянды өндіріп алатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанат Нүкенованың ағасы қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығының нашарлағанын және қайғылы оқиғаға байланысты еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын айтқан.
Айтбек Амангелді қылмыстық іс аясында заң қызметтеріне төлеуге кеткен шығындарды өтеуді де талап еткен.
Сот парасаттылық пен әділдік қағидаттарын негізге алып, жақын туысының қайтыс болуы сөзсіз талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талап-арызды ішінара қанағаттандырды, - деп мәлімдеді Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты.
Осылайша Қуандық Бишімбаевтанқылмыстық іс бойынша келтірілген 6 877 672 теңге материалдық шығын мен 10 млн теңге моральдық зиян өндірілетін болды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?