Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыКісі өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев өзі жазасын өтеп жатқан колония әкімшілігін сотқа берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған. Ол жазасын өтеп жатқан колония әкімшілігін көтермелеу шарасын қолданудан бас тартқаны үшін сотқа берген.
Сотталған азамат әкімшілік тарапынан көтермелеу шарасы берілмегені жөнінде сотқа жүгінді. Алайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жазасын өтеу тәртібін бұзған сотталғандарға көтермелеу шарасы қолданылмайды. Бұл сотталған азаматтың бір тәртіп бұзушылығы болғандықтан, оған көтермелеу шарасы берілмеді, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Сот Бишімбаевтың талап арызын қанағаттандырған жоқ.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар