28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБылтыр 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде қастандықпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған экс-министр Қуандық Бишімбаев жалғыз отыр ма? Бұл сауалға Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жауап берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Тілші: Қуандық Бишімбаевқа қамауда ешқандай жеңілдік жасалмаған ба?
Министр: Жоқ, ол бәрімен бір жағдайда отыр.
Тілші: Камераға жалғыз қамалған ба?
Министр: Жалғыз емес, қасында адамдар бар.
Тілші: Күдіктінің тәртібінің қатысты шағым түспеді?
Министр: Бәрі дұрыс. Ол сот процесіне дайындалуда.
Айта кетейік, қаңтар айының басында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы адвокат Жанна Мұхамади мәлімдеген еді. Оның айтуынша, тараптар іс материалдарымен танысқан соң және қорғаушы тараптың өтінішінен кейін іс прокуратураға шешім шығару үшін жолданады.
Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.
Қылмыстық іске президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?