6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана қаласында өтіп, көпшіліктің ерекше назарын аудартқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде Айжан Көлбаева судья болды. Жоғарғы сот төрағасының судьясы Елена Максюта тілшілермен кездесуде бұл процеске судьяны компьютер таңдағанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біздегі механизм бойынша, адамдардың араласуынсыз бәрін компьютер таңдайды. Бұл жерде судьяның жүктемесі есепке алынады, сөйтіп автоматты түрде таңдалады, - деді ол.
Ал судья Айжан Көлбаеваның айтуынша, процеске қызығушылықтың дәл осындай болады деп ойламаған.
Дәл бұлай болады деп ойлаған жоқпын. Әдеттегідей процесс болатын шығар дегенмін. Бұл мен қараған ең қиын іс деп айта алмаймын. Әлеуметтік желіде маған қатысты пікір жазыла бастағанда таңғалдым, - деді Айжан Көлбаева.
Айта кетейік, бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі