Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Күдікті ай сайын қанша табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктінің адвокаттары Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкеноваға ай сайын 4-5 млн теңгеден аударып отырғанын мәлім еткен еді. Сот отырысында жәбірленуші тарап Қуандық Бишімбаевтан ай сайынғы табыс мөлшерін сұрады.
Ресми тіркелген жерімнен – айына 1 миллион теңге алдым. Ал мейрамхананың кірісіне байланысты табысым 8-ден 15 миллион теңгеге дейін болды, - деп жауап берді Бишімбаев.
Бишімбаев "БАУ" мейрамханасын басқаратынын және оған иелік ететінін түсіндірді. Ал Гастроцентр акцияларының бірі Бишімбаевтың анасына тиесілі.
Қылмыс Бишімбаевтың мейрамханасында болды деп айтуға бола ма деген сұраққа сотталушы: "Иә, барлық жерде осылай жазып жатыр", - деп жауап берді.
Айта кетейік, бүгінге дейін сот отырысында кісі өлімі болған күнгі оқиғалар айтылды. Айыпталушы әйелі жан тапсырғанға дейін жедел-жәрдем шақырмай, көріпкелдің айтқанына сенгенін мойындады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?