«ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясының бұрынғы басшылары Жақыпов пен Отынышиев ұсталғанға бір күн қалғанда қолға түскен

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясының бұрынғы басшылары Жақыпов пен Отынышиев ұсталғанға бір күн қалғанда қолға түскен

Аян Қайырбаев
Фото: AI көмегімен жасалды

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отынышиев ұсталғанға бір күн қалғанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясының бірнеше бұрынғы басшысын ұстаған, деп хабарлады ҰҚК Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап беріп.

«9-10 қарашада «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Петров, оның орынбасары Қабылов және аталған серіктестіктің сатып алуды қамтамасыз ету департаментінің директоры әрі атқарушы директоры Сембай ұсталды. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді. 11 және 12 қарашада сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады ҰҚК.

Оқи отырыңыз

{