29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан темір жолы ұлттық компаниясының қызметкері 82 млн теңгеден астам қаржыны компанияда жұмыс істемейтін адамдардың атына еңбек демалысы төлемі ретінде аударып, қолды қылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Алматы көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Алматы көлік прокуратурасы «ҚТЖ Жүк тасымалы» «Алматы жол бөлімшесі» филиалының лауазымды тұлғасының аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісін анықтады.
Лауазымды тұлға мекемеге қатысы жоқ азаматтардың банктік шоттарына 82 млн теңгеден астам соманы демалыс төлемі аударған. Сондай-ақ, ол аударылған соманы өз қажеттілігіне жұмсаған.
«Аталған факт бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша «аса ірі мөлшерде кінәліге сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс жүргізу шешімін қабылдау үшін экономикалық тергеу қызметіне жіберілді.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 17 қаңтардағы үкімімен «К» 5 жыл мерзімге лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айрыла отырып, кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде сотталды», - деп хабарлайды ведомстводан.
Үкім заңды күшіне енді. Келтірілген материалдық залал толығымен өтелді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек