12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан темір жолы компаниясының 59 лауазымды тұлғасы əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды El.kz
"Осы жылы Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері магистральдық теміржол желісінің 8 объектісін тексерді. Нəтижелері бойынша əртүрлі бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Ішкі істер министрлігі Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігімен жəне Қазақстан темір жолымен бірлесіп, теміржол төсемінің бойында қоршау құрылғыларының болуына 1 022 тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша ҚТЖ-ға 832 ұсыныс енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 479-бабы бойынша ҚТЖ-ның 59 лауазымды тұлғасы əкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Берік Асылов.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер