Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Қазақстан темір жолы ҰҚ» АҚ қызметкерлері «Нұрлы жол» вокзалында 2026 жылғы бес миллионыншы жолаушысын қарсы алды.
12 жастағы Нұрдәулет Келдібек әжесімен бірге №9/10 пойызбен Алматы қаласынан Астана қатынайды. Ойда жоқта 2026 жылы пойызға билет алған бес миллионыншы жолаушы атанады. ҚТЖ қызметкерлері оған іPad, сымсыз құлаққап пен жеміс-жидек толы кәрзеңке сыйлады. Нұрдәулеттің әжесі бір құшақ гүл берді. Жолаушы мен әжесі мұндай тосынсый болатынын білмеген.
Бұл біз үшін нағыз тосын сый болды. Бұндай жылы қабылдауды күткен жоқпыз. Немерем дұрыс сөйлей алмайды, үнемі қасымда ертіп жүремін. Біз әрқашан саяхаттау үшін пойызды таңдаймыз. «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы мен ұжымына зейіні, қамқорлығы және керемет сыйлықтары үшін алғыс айтамыз, - деп атап өтті жолаушы әжесі.
Компанияның айтуынша, бес миллионыншы жолаушы жол жүру құжаттарын есепке алу және ресімдеу жүйесінің көмегімен автоматты түрде анықталды. Ұлттық тасымалдаушы жыл сайын «Kaztechnology» ЖШС серіктесімен бірге мерейлі сандық жолаушыларды құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыстайды. Бұл компанияның жақсы дәстүріне айналды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек