Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚозыбаев университеті құрамында әлемнің 10-нан астам елінің білім беру мекемелерінің өкілдері бар Жібек жолы ауыл шаруашылығы білім беру және ғылыми инновациялар альянсына кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Альянс қызметінің негізгі міндетіне білім беруді интернационалдандыру, ғалымдардың ғылыми әлеуетін күшейту, тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми және жобалық жұмысты іске асыру кіреді.
Ағымдағы жылдың маусым айында Басқарма Төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Рената Апергенова бастаған Қозыбаев университетінің командасы ҚХР, Янлин қаласындағы Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінде болды.
Сапар барысында СҚУ базасында агрокомпетенциялар ғылыми орталығын құру туралы мәлімделді. Онда біздің ғалымдар Қытайдан келген профессорлармен бірлесіп, аграрлық бағытта ғылыми зерттеулер жүргізетін болады.
Бұл ынтымақтастық болашақта бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламаларын ашуға, екі жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттарына ақылы кәсіптік тәжірибеден және ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігін береді.
2023 жылдың 13-15 шілде аралығында ресми сапармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Солтүстік-батыс университетінің делегациясы Қозыбаев университетіне келді. Екі жоо-ның өкілдері бірлескен зерттеулерді талқылады, сондай-ақ өңірдің оқытушылары, ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен сарапшыларына арналған шеберлік сағатына қатысты.
Биылғы жылы ҚХР-дан 19 магистрант жергілікті жоо-да білім алды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жаңа оқу семестрінде Қазақстанға 15 студент келеді, ал Қозыбаев университетінің 14 студенті СБУ-ға барады.
Қытайдың жетекші Агротехнологиялық университетімен ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көшуі озық технологияларды зерделеуге және қолдануға мүмкіндік береді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары