Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАқпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әз-Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, тіршіліктің жаңаратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін, күн мен түннің теңелетін, барша жұрттың жақсылыққа кенелетін кезеңі – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Береке мен бірліктің, елдік пен еркіндіктің рәмізі іспетті Әз-Наурыз құтты болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Табалдырығымыздан аттаған Қоян жылы ырыс пен ынтымақтың, мейірім мен молшылықтың жылы болсын!Ошағымыз оттан, азаматымыз аттан түспесін! Төңірегіңіз түгел, төрт құбылаңыз сай болсын! Жыл жақсылығымен келсін!, - деп жазды министр Facebook парақшасында.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар