12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік24 тамыз күні кешкі сағат 20:21-де Талғар ауданы, Қотырбұлақ шатқалында екі турист жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өтініш берушілерде байланыс болып, құтқарушыларды өздері шақырған. Оқиға орнына ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты.
Құтқарушылар адасып кеткен адамдарды 22:14-те Алатау туристік кешенінің Қотырбұлақ шатқалы ауданында тауып алды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Букреев шыңынан Медеуге қарай түсу кезінде туристер көрсеткіштен өтіп кетіп, адасып кеткен, - делінген ТЖМ мәліметінде.
ТЖМ құтқарушылары еске салады: тауға шықпас бұрын, бір күнге шықсаңыз да бағытты мұқият зерттеңіз, мүмкіндік болса офлайн режимінде пайдалануға ыңғайлы етіп, бағыт картасын жүктеп алыңыз. Күтпеген оқыс оқиға орын алса көмекке жүгіну үшін 112 немесе 8 (727) 3721560 (Алматы қ. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы) нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер