Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазақстан үкіметі қосылған құн салығы 16% өсіргеннен кейін әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған адамдардың еңбекақысы мен әлеуметтік төлемдерін индекстеуге 800 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл қадам халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және инфляцияның теріс әсерін азайтуға бағытталған.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ға көтерілген жағдайда бюджетке қосымша 4-5 млрд теңге қаражат түседі. Жиналған қаражат әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыны индекстеуге жұмсалады.
Бұл бағытта шамамен 800 млрд теңге бөлеміз. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, базалық инфляция деңгейі 7-8% аралығында белгіленген. Сонымен қатар қосымша 3% инфляция болатынын болжап отырмыз. Нәтижесінде, жалпы инфляция деңгейі шамамен 11% құрайды. Біз жыл сайын инфляцияны ескеріп индекстеу жүргізіп келеміз. Бұл жолы қосымша 3% инфляцияны индекстейміз, сондықтан айлық, зейнетақы және жәрдемақыларға қосымша 3% индекстеу жасалады, — деді Азамат Әмрин.
Еске сала кетейік, Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірге бюджет-салық және тариф саясатына қатысты жаңа реформалық тәсілдерді әзірлеп жатыр.
Осы ретте, Салық альянсының мүшесі, бизнесвумен Жанар Сүлейменова үкіметтің ҚҚС мөлшерлемесін 20%-ға дейін көтеру туралы ұсынысына пікір білдіріп, бастамаға қарсы екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай қадам бизнеске қосымша ауыртпалық салып, экономиканың дамуына кері әсер етуі мүмкін.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова