6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәжілістің қаржыжәне бюджет комитетінде Үкіметтің салық кодексі жобасына қатысты жаңа бастамаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz ақпаратагенттігі.
Мәжіліс депутаты Дания Еспаева өткен айда Үкімет мемлекет басшысына салық-бюджет жүйесінжетілдіру бойынша бірқатар шараларды ұсынғанын атап өтті.
Өткен айда Үкімет мемлекет басшысына салық-бюджет жүйесін сауықтыру жөніндегі шараларкешенін ұсынғаны белгілі. Оның ішінде қосылған құн салығы мөлшерлемесін 20%-ға дейін көтеру және ол бойынша міндетті есепке қою шегін төмендету туралы ұсыныс жасалды. Бұл бастамалар бизнес өкілдері, сарапшылар азаматтық қоғам арасында үлкен резонанс пен қызу пікірталас тудырды, – деді депутат.
Президент кәсіпкерлердіңалаңдаушылығына назар аударып, 7 ақпанда Үкіметке қосылған құн салығы мөлшерлемесі бойынша түпкілікті шешімқабылдауды тапсырды.
Оны білікті мамандардың, бизнес өкілдерінің және парламентдепутаттарының пікірлерін ескере отырып, нақты есептеулер негізінде ғана қолға алуды атап өтті. Бұл жерде барынша оңтайлы шешім табу қажет: бір жағынан – артық салық қысымына жол бермей,кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасауды, екінші жағынан – салық жүйесінің ашық болуын және бюджет кірісінарттыруды қамтамасыз ету керек, – деді Дания Еспаева.
Қоғамдық талқылау аясында 20 ақпанда Үкімет Мәжіліске Салық кодексінің жобасы бойынша жаңа бастамалар енгізді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі