2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстанада Қостанай облыстық жедел жәрдем станциясының Арқалық кіші станциясының фельдшері Мәдина Ахметжанова ерекше ерлігі үшін марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол боранда жүкті әйелді құтқарып, оның аман-есен босануына көмектескені үшін денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет» грамотасы мен ҚР жедел медициналық жәрдем қауымдастығының «Үздік қызметкер» төсбелгісіне ие болды.
2024 жылдың ақпан айында Қостанай облысында бірнеше күнге созылған қатты боран жұмысқа айтарлықтай кедергі келтірді. Қалың қардың салдарынан жедел жәрдем қызметкерлері кейбір мекенжайларға жаяу жетуге мәжбүр болды. Ауыр жағдайларда, әсіресе ауылдарда жұмыс істеу қиындады.
9 ақпан күні Мәдина Ахметжанова мен оның әріптесі Айдана Наурызбай боран мен қалың қарға қарамастан Северный ауылындағы жүкті әйелді Арқалық перзентханасына жеткізуге аттанды.
Фельдшерлер пациенттің жағдайын бақылау үшін шақырту түскен мекенжайға жаяу жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін ТЖД арнайы көлігі оларды қауіпсіз орынға жеткізіп, реанимобильге ауыстырды.
Пациент Гүлназ Рыскелдина сол түні аман-есен қызын дүниеге әкелді. Ол Мәдина Ахметжанова мен жедел жәрдем қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
Боранды үш күн ішінде жедел жәрдемге 3819 өтініш түскен, оның ішінде 2676 шақыртуға жедел жәрдем бригадалары шықты. Қалың қар мен жолдың нашар көрінуіне қарамастан, 678 пациент стационарларға жеткізілді. Бұл жағдай Мәдина Ахметжанова мен оның әріптестерінің қажырлы еңбегінің айқын дәлелі болып отыр.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова