23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚостанай қаласындағы полиция бөлімшесіне тұрғын үй ауласынан медициналық қызметкерлердің көлігі ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейнебақылау камераларының көмегімен көлік ұрлаған 39 жастағы жергілікті тұрғын қала орталығында ұсталды. Тексеру барысында күдікті жеке медициналық клиника қызметкерлерінің көлігін заңсыз иемденгені анықталды. Олар бұл көлікпен науқасқа көмек көрсетуге келген.
«Күдіктіні ұстау кезінде оның алкоголь иісі шығып тұрғаны байқалды, бірақ ол медициналық тексеруден өтуден бас тартты. Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін сот оған 15 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындап, сегіз жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта көлік ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл қылмыс үшін ең жоғарғы жаза — екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады