Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанайда ел экономикасының жаңа локомотивіне айналуы тиіс жоғары технологиялық екі зауыттың біреуінің құрылысы аяқталуға таяу, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Зауыт көлік қозғалтқыштарының блоктары мен жүк машиналарының қозғалтқыш редукторлары бар корпустарды шығаратын болады.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов инженерлермен кездесіп, іске қосу-реттеу жұмыстарының барысын, кадрларды даярлау, мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру мәселелерін, сондай-ақ өндіріс ошағына кірме жолдарды салуды және объектіге инженерлік коммуникацияларды өткізу іспетті инфрақұрылымдық жұмыстарды талқылады.
Инвесторларды қолдау мақсатында қуаты 224 МВт "Батыс" қосалқы станциясы іске қосылды, ол индустриялық аймақ аумағындағы барлық кәсіпорындарды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, "біздің алдымызда елдің берік өнеркәсіптік қаңқасын қалыптастыру" міндеті тұр. Сондықтан өңдеу секторын жедел дамытуға баса назар аудару қажет", - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, индустриялық секторда инвестициялар тарту және жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, өткен жылы өңір экономикасына негізгі капиталға 554,3 млрд.теңге инвестиция тартылды. Жалпы сомасы 80 млрд. теңгеге жуық 12 инвестициялық жоба іске асырылды. Биыл 136 млрд теңгеге 9 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Көлік қозғалтқыштарының блоктары мен жүк машиналарының қозғалтқыш редукторлары бар корпустарды шығару зауыттарын іске қосу
Қостанай облысындағы жұмыссыздық мәселесін айтарлықтай шешуі тиіс: мыңнан астам маман жаңа кәсіпорындарда жұмысқа орналасады, сондай-ақ, өңірге білікті мамандар тартылады. Бюджетке жыл сайын 20 млрд теңге шамасында салықтық түсім түседі.
Құмар Ақсақалов шойын құю зауытының іске қосылуы өңірдің машина жасау кластерінің позициясын одан әрі нығайтатынын және жалпы облыстың өнеркәсіптік секторының дамуына қуатты серпін беретінін атап өтті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?