6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚостанай облысында заңсыз жұмыс істеген криптовалюта айырбастау пункттері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті KZobmen.com, 1wm.kz, kazobmen.ru, wm007.kz, kz-exchange.com крипто айырбастау пункттері арқылы аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан азаматтардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
Жедел іздестіру барысында 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілді. Нәтижесінде криптовалюта айырбастау пункттерінің ұйымдастырушыларын әшкерелейтін заттар: ноутбуктер, моноблоктар, ұялы телефондар, банктік және бухгалтерлік құжаттар, қылмыстық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын криптоәмиян кілттері (флэш-карталар) тәркіленді.
Binance платформасында 2 крипто әмиянда 6 мың доллар криптоактив анықталды. Оларға уақытша шектеу қойылды.
Басқа криптобиржаларда орналасқан тағы 200 мың доллардан асатын криптоактив анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда Астанадағы АХҚО аумағында ғана криптовалюта айырбастау пункттерінің жұмысына рұқсат берілгенін ескертеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі