Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚостанай облысында үйлерге ұрлыққа түсуді кәсіп еткен әккі ұрылар ұсталды. Күдіктілер 2 ай бойы бірлесіп әрекет еткен, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция ұрлықтың бірнеше дерегіне қатысы екі адамды ұстады. Олар терезені сындырып, екі пәтерге кіріп, ақша мен алтындарды ұрлаған. Сонымен қатар құлыптарды бұзып, салынып жатқан үш нысаннан қымбат құралдарды қолды қылған.
Қылмыстық тәсілмен олар 4 миллион теңгеден астам көлемде пайдаға кенелмек болған. Ұрланған заттарды Қостанай және Рудный қалаларындағы ломбардқа тапсырып отырған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандар бес эпизод бойынша күдікке ілінген.
Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті де өз кінәларын мойындады. Бұған дейін олар автокөлік ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын, – деді Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Негмет Исмағұлов.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды