6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚостанай облысы Қамысты ауданының тұрғыны үй мысығы тістеп алған соң құтырма ауруынан көз жұмды, деп хабарлайды "Наша газета" басылымына сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Науқас әйел Лисаков қалалық ауруханасына құтырма ауруының клиникалық белгілерімен жеткізілген. Өкінішке қарай, пациентті аман алып қалу мүмкін болмаған.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Баймұхаметовтің айтуынша, эпидемиологиялық тергеу барысында зардап шегушіні үй мысығы тістеп алғаны анықталған. Арада көп уақыт өтпей әлгі жануар із-түссіз жоғалып кеткен. Ал зардап шеккен әйел медициналық көмекке дер кезінде жүгінбеген және алдын алу мақсатында егілетін екпелерді алмаған.
Дәрігерлерге арада уақыт өткізіп алып, аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде бір-ақ қаралған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі