18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қостанай облысының учаскелік полиция инспекторы Арқалықтан 48 шақырым жерде орналасқан Үштөбе ауылының тұрғындарына тегін нан таратты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, аталған елдімекенге барар жол су тасқыны салдарынан бұлыңғыр болып, онымен жүру қиындаған.
Тәртіп сақшысы Дархан Тұрғанов Восточный ауылының наубайханасынан 50 нан сатып алған. Ауылға жету үшін досының “Нива” көлігін алған екен.
Үштөбіліктер тегін ыстық нан туралы хабарды Whats App мессенджеріндегі чат арқылы білген. Нанды тұрғындар дүкен сөресінен жарты сағат ішінде алып кеткен. Өз кезегінде ауыл халқы қиын сәтте сауапты іс жасаған полицейге алғыстарын білдірді.
Еске салсақ, биыл қаңтар айында Дархан Тұрғанов далада үш күн бойы боранда жоғалып кеткен малшыны тапқан болатын.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр