22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚостанай полицейлері тұрғыннан 17 млн теңге бопсалаған азаматты қолға түсірді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адам полицияға жүгініп, алты ай ішінде одан тұрақты негізде ақша бопсаланғаны жайлы хабарлады. Қостанай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалаушыны анықтады. Ол бұрын істі болған 29 жастағы азамат болып шықты.
Тергеу барысында оның 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында күш қолданып, қорқытып жәбірленушіге тиесілі 17 млн теңгесін иемденгені анықталды, – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.
Жедел-тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында күдікті анықталып ұсталды. Одан қару-жарақ пен есірткі тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктінің өзге қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев