Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанайда такси жүргізушісі мен досы жолаушыға шабуыл жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға түнде қаланың шағын аудандарының бірінде болды. Екі бейтаныс жігіт зорлық-зомбылық көрсетіп, 650 мың теңге тұратын телефонды ашық түрде ұрлап кеткен. Белгілі болғандай, ойын-сауық мекемесінде демалып жүрген жәбірленуші таксиге қоңырау шалған. Жүргізуші досымен бірге келіп, сапар барысында жолаушылар арасында жанжал болған. Нәтижесінде такси жүргізушісі мен оның досы жәбірленушіні ұрып-соғып, смартфонды қолды қылған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаскүнемдерді, 19 және 22 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтады. Олар ұрланған телефонды қосалқы бөлшектерге бөліп, 100 мың теңгеге сатып жіберген. Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сондай-ақ олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?