Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚостанайда төтенше жағдай кезінде полицейлердің заңды талаптарына бағынбағаны үшін төрт тұрғын жазаланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
6 сәуірден бастап облыс орталығында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. Ал 7 сәуірде түн ортасында су басқан Красный кузнец көшесіне бір топ адам келген.
Кешке қарай осы аумақты тұратын адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Ауданда полицейлер эвакуацияланған тұрғындардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін патрульдеу жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер олардың барлығы эвакуацияланғанын түсіндіруге тырысқанда, олардың төртеуі агрессивті түрде әрекет етіп, балағат сөздер айта бастаған,-деп мәлімдеді обылстық Полиция департаментіндегілер.
Полицейлерге бағынбаған тұрғындарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша хаттама толтырылған. Сот шешімімен оларға 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс