Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазАвтоЖол Қостанайда жолды су басуына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
5 сәуірде сағат 09:00 шамасында А-22 «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» тас жолының 253-ші және 254-ші шақырымында Тобол өзенінің тасуынан және РФ жағынан үлкен көлемде судың келу салдарынан жол бөлігін екі жақтан су алу фактысы тіркелді, - делінген ақпаратта.
Бірінші су тасқынның (253 шақырым) ауданы 250 м, ал ені 15 см. Екіншісінің ауданы (254 шақырым) 300 м, ені 15 см құрады.
Аталған учаскелерде 2 су өткізгіш құрылғысы бар: диаметрі 1*1,5 м болатын үш тесікті дюбингті құбыр және диаметрі 1*1,5 м бір тесікті дюбингті құбыр (254 шақырым).
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы бақылау орнатылып, қажетті ескерту жол белгілері, сигналды тіректер мен ілмектер орнатылды. Сондай-ақ, жол жиектерін инертті материалдармен және құм салынған қаптармен күшейтуде. 4 бірлік техника (2 бірлік КДМ КАМАЗ және HOWO, 1 тиегіш, 1 ДРС Газель) мен 9 адам жеке құрамнан жұмылдырылды, - деп мәлім етті ҚазАвтоЖол.
Қазіргі таңда көлік қозғалысына шектеу қойылмаған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары