28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚостанай облысының полицейлері синтетикалық есірткі таратқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыстық істің қатысушылары аймақ аумағында “синтетиканы” таратумен айналысқан.
Полицейлер 300-ден 500 граммға дейінгі есірткі партиясын алған жас ерлі-зайыптылар үйлерінде zip пакеттерге шағын дозаларға салып, одан әрі “қойып кету” арқылы таратқандығы анықтады. Әрқайсысында осындай 30-40 пакет болған.
“Қара нарықта” синтетикалық препараттың жарты келісі шамамен 15 миллион теңгені құрайды.
Біз 300 грамнан астам синтетикалық есірткіні, ақшаны және травматикалық қаруды тәркіледік. Заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталғандардың айтуынша, бұл мефедрон мен PVP болды, - деді Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.
Ұсталған төрт күдікті қамауда отыр. Алдын ала келісу арқылы есірткіні заңсыз өткізгені үшін қылмыс жасағандардың мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Қостанай облысының ПД өткен жылы заңсыз айналымнан 430 килограмм есірткі, оның ішінде 10 келіден астамы синтетикалық есірткі тәркіленгенін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?