Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚостанайда шипажайда демалып жатқан әжей адасып қалды. 1953 жылы дүниеге келген зейнеткер серуендеуге шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Алтынсарин ауданында болған. 72 жастағы тұрғын орман алқабында жүріп, кері қайтуға жолды таба алмаған. Өзінің адасып қалған түсінген ол "112" қызметіне қоңырау шалып, көмек сұраған.
Шақырту бойынша дереу іздестіру жұмыстарына шыққан құтқарушылар зейнеткерді демалыс базасынан алыс емес жердегі орман алқабынан тауып, оны шипажайға аман-есен жеткізді.
Төтеншеліктердің айтуынша, зейнеткерге медициналық көмек қажет болмаған.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар