Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚостанай облысында полиция қызметкерлері есірткі сатушыны ұстап, одан 100 млн теңгеден астам сомаға синтетика партиясы тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктіні ұстау бойынша арнайы операцияны Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тобыл қаласында "Қарасора - 2023"жедел алдын-алу шарасы шеңберінде жүргізген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тобыл қаласында полиция қызметкерлері тінту кезінде 3 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеген күдіктіні ұстады. Бұдан басқа, 2 мыңнан астам оралған синтетика тәркіленді, бұл аса ірі көлемді құрайды, - деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.
Облыстың 31 жастағы тұрғынын ұстау кезіндегі партияның құны 100 млн. теңгеден асып отыр.Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жүргізілген сараптамаға сәйкес алынған зат - "мефедрон" синтетикалық препараты екені анықталды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек