Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанай облысында полиция қызметкерлері жоғалған 14 жылқыны жедел тауып, иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай тұрғыны Шортанбай Жетпісбаев жайылымнан жылқылардың жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған. 10 күн бұрын жоғалып кеткен жылқылардың құны – 6 миллион теңге. Жануарларды өз бетінше іздегені нәтиже бермегесін, ер адам полицияға жүгінді. Келесі күні Арқалықта полицейлер бөлім бастығының орынбасары Ғалибек Құлмағанбетовтың басшылығымен іздестіруді бастады.
Іздеу операциясына учаскелік полицейлер Әлішер Шегебаев пен Дархан Тұрғанов та қатысты. Бір тәуліктен кейін жылқылар Үштөбе ауылынан 40 шақырым қашықтықта табылды. Жануарлардың иесі құқық қорғау органдарының үйлесімді және жедел жұмысының арқасында өз мүлкін қайтара алды.
Жылқыларды таба алмағасын, полицейлерге жүгіндім. Олар тез-арада тауып берді, бұл үшін көп рақмет!, – деді Шортанбай Жетпісбаев полицияға көмек көрсеткені үшін алғысын білдіріп. Бұл жағдай полицияның жергілікті тұрғындармен жақсы қарым-қатынас орнатуы мен жедел әрекет етуінің маңыздылығын көрсетті.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?