23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЭкология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қостанай облысына сапары барысында, Тобыл қаласындағы «S.M.F.-SYSTEM» Фабрика нетканых материалов» ЖШС-де болып, экологияның өзекті мәселелерін және өндіріске инновациялық технологияларды енгізуді талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар барысында Министр геотекстильдер, геокомпозиттер және гидрооқшаулағыш мембраналар сияқты геосинтетикалық материалдарды өндіруге маманданған компанияның өндірістік қуаттарымен танысты. Қайталама шикізатты пайдалануға және экологиялық іздерді азайтуға бағытталған технологияларға ерекше назар аударылды.
S.M.F.-SYSTEM» фабрикасы» қазіргі заманғы технологияларды табысты қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың үлгісі болып табылады, бұл біздің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі миссиямызға сәйкес келеді, - деп атап өтті Министр.
Мәселен, 2024 жылы қайта өңдеудің жылдық көлемі: ПНД – 130 тн, ПВД – 38 тн, полиэфир талшығы – 607,4 тн құрады.
Сондай-ақ, пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу және құрылысқа экологиялық таза материалдарды енгізу бойынша жаңа бастамаларды әзірлеу үшін компаниямен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Министр жаңа жұмыс орындарын құрудың және өңір халқының өмір сүру деңгейін жақсартудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша компанияның экожүйелерді тұрақты дамытуға және қорғауға бағытталған бастамаларын одан әрі өзара іс-қимыл және қолдау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады