Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанайда бір келіден астам мефедрон сақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Қостанай облысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде синтетикалық есірткі затын сақтаған 35 жастағы ер адамды ұстады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайына, жеке көлігіне және оған тиесілі саяжай учаскесіне тінту жүргізіліп, нәтижесінде бір келіден астам мефедрон тәркіленді. Жалпы саны екі мыңға жуық бір реттік доза құрайтын бұл заттарды күдікті кейін сату мақсатында сақтағаны анықталды. Сараптама тәркіленген заттың мефедрон есірткісі екенін және оның жалпы салмағы бір килограмнан асатынын растады, - делінген мәліметте.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?