6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚостанайда қарасора өсіруге арналған есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Қостанайда 44 жастағы жергілікті тұрғын қарасора өсіру үшін өз үйін жабдықтаған.
Жеке сектордың ауласын тінту кезінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері биіктігі 3 метрге дейін жететін 36 қарасора бұтасын тапты. Моншада тағы 42 кептірілген марихуана бұтасы мен барлық қажетті жабдықтар табылды. Жарық және диодты шамдар, кептіргіштер, электронды таразылар және тіпті тыңайтқыштары бар канистрлер тәркіленді, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз еккені үшін қостанайлық 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі