Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚостанайда бейнебақылау камераларының көмегімен үй ауласында жұбайын бірнеше рет жарақаттаған азамат ұсталды.
Polisia.kz мәліметінше, 16 маусымда «102» пультіне Қостанай қаласы аудандарының бірінің ауласында мас күйде болған 47 жастағы ер адам жанжал кезінде жұбайына бірнеше рет пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамның көлікпен қашып кеткенін анықтаған.
Көліктің маркасы мен нөмірін полицейлерге оқиға куәгерлері хабарлады. Дереу полиция нарядтары бағдарланып, облыс орталығының аумағында «Ұстап алу» жоспарын енгізу туралы шешім қабылданды. Бейнебақылау камераларын қарау барысында жедел басқару орталығы инспекторы Тойгуль Жанатова көшелердің бірінде Geely көлігін көрді. Күдікті ұсталды. Одан пышақ табылды, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта 41 жастағы әйел қалалық ауруханаға жатқызылған. Қостанай облысы ПД осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-тармағының (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлайды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек