6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚостанай облыстық ауруханасының дәрігерін соққыға жығып, ауыр жарақаттаған пациент сот санкциясымен екі ай қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске салсақ, урология бөлімшесінің хирургі Антон Кистановті аурухананың қабылдау бөлімшесінде пациенттің бірі соққыға жыққан. Дәрігер мидың ауыр дәрежедегі соғылуы, миға жіті қан құйылу, бас сүйегінің жабық сынуы диагнозымен реанимацияға жатқызылды. Кейінірек медицина маманы саниавиация бортымен Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі