22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚуаттылығы жылына 40 тонна құрғақ сүт өндіретін «S-Agro-Borovskoe» ЖШС фермасы іске қосылды. Толық жобалық қуатқа шыққанда 100-ге жуық жұмыс орны құрылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыста ферманың іске қосылуымен ұзақ сақтау кезінде де сапасын жоғалтпайтын жаңа бірегей өнім түрі пайда болды. Әкімнің сөзіне қарағанда, жаңа заманауи технологиялардың арқасында біз ата-бабаларымыздың мұрасын сақтап қана қоймай, оны жаңа халықаралық деңгейге шығара аламыз.
Сонымен қатар Құмар Ақсақалов ірімшік шығыратын зауыттың іске қосылатынын мәлімдеді.
Келесі жоба – белгілі неміс өндірушісін («Дойчес Милхконтор») тарта отырып, 10 жаңа түрлі ірімшік шығаратын жаңа кешеннің құрылысы («Милх» ЖШС), бұл өндірістік қуаттылықты арттырып, облыста ірімшік өндіру көлемін 1,5 есеге ұлғайтуға, импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді. Жобаның құны – 7,2 млрд теңге, қуаты – жылына 2,0 мың тонна өнім. Жаңа зауыт аша отырып, облыстағы өңделген сүттің үлесін 46 пайыздан 60 пайызға дейін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар, бұл өнімдерді Германияға экспорттау туралы келісім бар, - деді ол.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев