Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚостанай облысында ірі көлемдегі ұрлықтың жолы кесілді. Күдіктілер 54 тонна бидайды ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұрлық қылмысы «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген рейд кезінде анықталған. Жергілікті учаскелік инспектор Мейірбек Нұргелдин мен полиция бөлімі бастығының орынбасары Серік Бикетбаев «Әулиекөл – Диев» тасжолында тіркемесі бар КАМАЗ-ды тоқтатқан. Жүргізуші астықтың қайдан алынғанын және қайда жеткізіліп жатқанын нақты түсіндіре алмаған.
Жүк көлігі полиция бөліміне жеткізілген соң бидайдың «Диев агрофирмасы» аумағынан ұрланғаны анықталды. Кейінірек Аманқарағай ауылындағы алдын ала жалға алынған қоймадан үш күн бұрын шығарылған ұрланған бидай табылды. Жалпы ұрланған астықтың салмағы 54 тоннаны құрады. Келтірілген шығын 6,5 миллион теңгеге бағалануда,-деп атап өтті полициядан.
Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Агрофирма қызметкері мен Новоселов ауылының тұрғыны осы қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды анықтау үшін жан-жақты жұмыстар жүргізілуде.
«Диев агрофирма» ЖШС-ның атқарушы директоры Олег Даниленконың айтуынша, ұрлыққа басқа қызметкерлердің де қатысы болуы мүмкін. Полиция барлық кінәлілер заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек