Қостанай тұрғынынан 14 келі марихуана тәркіленді

28 Қараша 2022, 05:21 1547
Қостанай облысының полицейлері тұрғыннан 14 келі марихуана тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
 
Қамысты ауданының полиция қызметкерлері “Рефлекс” операциясын жүргізу кезінде 44 жастағы ауыл тұрғынын ұстады.
 
Ауыл тұрғынының үйінде санкцияланған жеке тінту барысында 14 келі марихуана тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат есірткі – кептірілген марихуана болып шықты.
 
Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
EL.KZ
Бөлісу: