10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген Лисаков тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
15 шілде кешкі уақытта Астана қаласы бойынша ҰҚКД сенім телефонына дабыл қоңырауы түсті. Белгісіз адам Лисаков қаласының балалар мектеп-интернатында жарылғыш зат қоюға ниетті екенін хабарлады. Шұғыл түрде мектеп ғимараты мен оған іргелес аумаққа тексеру жүргізілді. Ешқандай жарылғыш заттар табылған жоқ.
Қостанай ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері қоңырау шалушының жеке басын тез арада анықтады. Ол бұрын сотталған 48 жастағы Лисаков тұрғыны болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қаскүнем құрықталды. Ұстау барысында ол мас күйде болып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік қамауға алынды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді