13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚостанай облысында тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр. 25-наурыздан бастап құтқарушылар өңірдің оңтүстігіндегі Арқалық, Жангелді, Торғай аудандарында қызмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде Қостанай облысының орталық аймақтарында Қарабалық, Федоровка, Әулиекөл, Қостанай ауданында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов ОКҚ брифингінде хабарлады.
Жақын арада Қостанай қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды. Себебі, Тобыл өзені мен оның маңайындағы су деңгейі көтерілді. Маңайындағы саяжай қоғамдарын су басады деген ақпарат болғаннан кейін, кешеден бері сол маңайда тұратын адамдарды құтқару жұмыстары басталды.
Су басқан үйлердің саны - 243, аула аймақтары – 406. Тәрбие нысаны - 3, кәсіпкерлік орындар -19. Бірінші күннен бастап, құтқару жұмыстарының басынан бастап 7 мыңнан астам адам құтқарылды. Кешегі бір тәулік ішінде 172 адам, соның ішінде 44 бала құтқарылды. Қостанай ауданы және Рудный қаласын бақылауға алып отырмыз. Себебі, Тобыл өзені көтерілді. 700-ден астам уақытша орналастыру орындары бар. 274 бала бар. Жеке құрам бойынша 2500 адам құтқару жұмыстарына атсалысуда. 393 техника, 142 мотопомпа бар, - деді спикер.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды