Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыҚостанай облысының оңтүстік аудандарындағы су тасқыны жағдайы әлі де күрделі. Облыс әкімі Құмар Асксақаловтың төрағалығымен жедел штаб жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарғын судан тұрғындар ғана емес, мал-мүлік те запа шеккен. Біраз мал шығыны тіркелген, дегенмен, малдың көп бөлігі аман қалды.
Енді Қостанай облысында малға астық пен шөп тасымалдау жұмыстары басталды.
Мысалы, бүгінде Арқалық қаласына Әулиекөл, Ұзынкөл, Сарыкөл және Наурызым аудандарынан 45 тонна шөп және 82.2 тонна астық жемі түсті. Жақын арада Алтынсарин ауданынан жем-шөп түседі деп күтілуде, екі камаз жолда, - делінген Қостанай облысы әкімдігі таратқан ақпаратта.
1 сәуірдегі жағдай бойынша жалпы жеткізу жоспары шамамен 130 тонна жемшөп дақылдарын (шөп, арпа, астық қалдықтары және сұлы) құрайды. Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл аудандары, Бейімбет Майлин ауданы өз көмегін жолдайды.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді