11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАдасып кеткен Алтынсарин ауылының тұрғыны жоғалғаннан тура 3 күн өткен соң өз туған күнінде табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қамысты ауданының полиция бөліміне “Алтынсарино” ЖШС бригадасының басқарушысы дала тұрағында күзетшісінің жоғалып кеткені туралы хабарламамен жүгінген.
Ер адам түнде жұмыс орнынан кетіп, далада адасып кетуі мүмкін деген болжам болды. Полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарымен және ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын бастады. Үш күн бойы олар даланың әр жерін қарады. Арнайы техниканы, соның ішінде дронды қолданды. Іздеу барысында жоғалған күзетші даладағы шағын су қоймасының жанынан аман-есен және зардап шекпеген күйінде табылды, - делінген хабарламада.
Сол түнде ер адам өзін нашар сезініп, медициналық көмекті күтпеу үшін ауылға өз бетінше жетуге шешім қабылдағаны белгілі болды. Бірақ қараңғыда ер адам бағдарын жоғалтып алған.
Әлсіреген ол жақын маңдағы су қоймасына жеткенше даланы аралап жүре берген. Сол жерден оны іздеу тобы тапты, – деді Қамысты аудандық полиция бөлімінің ЖКБ жедел уәкілі Николай Василий.
Қазіргі уақытта Алтынсарин ауылы тұрғынына аудандық ауруханада медициналық көмек көрсетілуде. Өйткені ағза күйзеліске ұшырап, шаршаған. Енді өміріне қауіп жоқ.
Осы уақыт ішінде ер адамның туыстары да іздеу шараларына қатысты. Табылған күзетшінің ұлы “Алтынсарино” ЖШС директорының орынбасары Асхат Әбіловке, №3 бригада басқарушысы Максим Маевскийге, аудан полицейлеріне және ТЖ қызметкерлеріне, әкесін іздеуге көмектескендердің барлығына шын жүректен алғысын білдіреді.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес